12-сәуір-Ғарышкерлер және ғылым күні

Бұл мереке – ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні

Алдымен тәрбие сағатының басында бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып,сөзжұмбақ шешу арқылы  тақырыбымызды ашып алдық.

Қазақ ғарышкерлері мен ғылымға еңбегі сіңген азаматтарды атап айта кеттік.

Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Оқушылар өлең жолдарын оқыды. «Байқоңыр» туралы мәлімет беру үшін  видео көрсетілді.

Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......»
-Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? Әр оқушыдан өз ойларын сұралды.
Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылды.Кейін оқушылар салған зымыран суреті мен  үйде жасап келген зымыран макетін көрсеттті.