Адал ұрпақ

 

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 1-4 сынып оқушылары «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осындай міндеттерді негізге ала отырып «Адал Ұрпақ» клубының 2020-2021оқу жылына іс-шаралар бекітілді.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшілері Шамганова А.Ж. оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында сынып сағатын өткізді. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.

 

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмысы

Жаңа оқу жылынан бастап, еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. Алға қойған мақсат –жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, париоттық сезімдерін қалыптастыру.

«Адал ұрпақ» клубы негізгі 3 секциядан тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық, мәдени көпшілік іс-шаралар.

«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде оның қалыптасу ерекшеліктері талқыланды.

 Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа байланысты сурет салу конкурстары, ата-аналармен байланыс, «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, барлық іс-шараларды жүргізуде клуб мүшелері белсенділік таныта атқаруда.