Құрметті ата-аналар!
2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бүкіл ел бойынша 27 мамырда басталып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылдау 29 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. Баланың құжаттарын egov.kz, электрондық үкіметтің веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және осы жылы алты жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Өтініш беру үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) барлық қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс:
- Медициналық анықтамалар: «Иммундау паспорты» № 065-у нысаны және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысаны.
- 3х4 см фотосурет
Электрондық үкімет веб-порталындағы өтінімдер egov.kz тәулік бойы қабылданады. Қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірі бойынша call-орталықтарға хабарласа аласыз: 8 (715 34) 21654; 8 (715 34) 51809

Еңбек бастауыш мектебінде 29 сәуір АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Мемлекеттік қызметтерді ата-аналарға кеңінен түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, сәтті өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктері, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жаңашылдықтар туралы толық ақпарат берілді.
Ата аналардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті кеңестер ұсынып, қызметтерді тиімді әрі жылдам алу жолдарын түсіндірді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Мемлеттік_қызметті_көрсетуге_жауаптылар_тізімі
Правила оказания государственных услуг ссылки каз
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы
