1 сынып қабылдау 1 сәуірде басталады.2025ж.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Қызметті онлайн режимінде алу әдісі:
1, egov.kz порталына кіріңіз, «Білім беру» қойыншасын ашыңыз, содан кейін орта білім барлық қызметтерді ашыңыз, содан кейін «1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» және «Онлайн режимінде қызмет көрсетуге тапсырыс беру» деген түймені басыңыз.
2, Өтiнiштi толтырыңыз.
3, Мiндеттi қоса берiлген құжаттар:
• Баланың 3х4 см сандық фотосуреті.
Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
• 052-2/y «Бала денсаулығы паспорты» электрондық көшірмесі;
• 065/у «Профилактикалық егу картасы» электрондық көшірмесі.
Міне осы құжаттарды тіркеу арқылы өтініш бере алады.