1 қазан Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік іс – шараға ауылымыздың ақ сақалды аталары, ақ жаулықты аналары шақырылды. Мектеп оқушылары арнайы дайындаған өздерінің өнерлерін паш етті. 1 сынып оқушысы Кусаинов Али өзінің биін тарту етті. Сонымен қатар оқушылар ата-әжелеріне әндерімен ,өлең жолдарымен құттықтауларын жеткізді.
Ауылымыздың ең үлкен қариясы, асыл апамыз Күлжиян апа сөз сөйлеп , өз ризашылығын, рахметін білдірді.Бағдарламамыздың соңы қарттарымызға арнайы жайылған дастарханымызға шақырылды. «Қарттарым асыл қазынам» демекші қарттарымыз аман-сау болсын. Қарияларды тек қариялар күні есе алмайықң әрқашан жадымызда жүрсін. Ата-ананы ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.