25 қазан – Республика күніне арналған тәрбие сағаты өтті
«Еңбек бастауыш мектебі» КММ-де 25 қазан – Республика күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, елін, жерін қадірлеуге және жауапты азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында Республика күнінің маңызы, тәуелсіз еліміздің құндылықтары мен бірлігі туралы әңгіме қозғалды. Отанға құрмет туған жерді аялаудан, жақсы оқудан және игі істер жасаудан басталатыны айтылды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Дата публикации: 23.10.2026