К.Салықовтың туғанына 90-ж

7-ақпан күні  К.Салықовтың туғанына 90-жыл толуына орай  «Туған өлкені жырымен тербеткен» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Ауылдық кітапханашы Кожахметова Н.М. ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап берді.

Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Сaлықов 1932 жылы 22-қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Еңбек аулында туған. Мәскеудің Түсті металл мен алтын институтының бітірген (1955). Инститyттан кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, yчастке бастығы, бас инженер, шахта бастығы, кен-металлургия комбинатының партком хатшысы (1956-1969) қызметтерін атқарған. Aлғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» деген атпен 1970 жылы жарық көрген. Содан бері үздіксіз жазып, 20-дан астам кітап жарияланған. Шығармалары орыс және басқа халықтар тілдеріне аударылған. Ақынның  кейінгі атқарған қызметтері де ол үшін өмір мектебі болғаны даусыз. Ұзақ жылдар ел, мемлекет басшылығында жүрген ол осы жолда елін сүйген азамат, интернационалист болып, халқының бойындағы биік адамгершілік сезімдерді толғайды. Оның Мәскеу, Болгария, Қырғыз, Түркімен, Қарақалпақ жырлары тақырыптық кеңдігімен ғана емес, өмірді тани білген ақынның суреткерлігімен, тапқыр, бейнелі образдарымен бағалы. Ол қайда барса да, Қазақстанын ойлайды, көргенін қазақ жерімен салыстыра отырып суреттейді. Ақынның өресі өсіп, көңіл көкжиегі кеңейгенін, шеберлігінің жетілгенін осы дәуірдегі жырлардан айқын танимыз. Ақынның  қазақ даласын, табиғатын төгіле жырлаған «Дала» поэмасы – соны сүйген ақынның көңіл-күйіне толы патриоттық туынды. Ол дала келбетін танытар суреттермен қоса, дала өмірі мен ондағы өзгерістерді, сырласу күйінде бейнелеп, өзін қоршаған ортаның тағлымды тұстарына мән береді.

Даламенен өлшеймін ғарыш-ғаламды,

Дала мен ана сезімтал етті санамды, - дейді.

Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып берді.Мектеп қызметкері Тыштыбаева Б.З. ақынның «Жалғыз аққy» әнін тебіренте орындады.Oқyшылар ақын туралы білгендерін ортаға салды.

 

Дата публикации: 07.02.2022