Қарттар күні
Мектебімізде жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында Шамғанова Әсем Жұмабайқызының ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті. Оқушылар аяулы әже-аталарына өздерінің жүрекжарды тілектерін айтты. 4-сынып оқушысы Қайырлы Медина ән де арнады. Оқушылар өз ата-әжелері жайында әңгімелеп, постер жасады. Салған суреттерінде тамашаладық.
Ақыл кеңестің,үлгі-өнегенің салқылмас кенішіндей болған қарттарымыз аман-есен жүргейсіздер!
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.