Суды үнемде – болашақ үшін сақта!
Су – тіршілік көзі, баға жетпес табиғи байлық. Оны ұқыпты пайдалану және келер ұрпаққа сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
«Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» бастамасы аясында мектептерде экологиялық сағаттар өткізілуде. Бастаманың мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және су ресурстарын сақтаудың маңызын түсіндіру.
🌿 «Еңбек бастауыш мектебі»КММ ұжымы оқушылар мен ата-аналарды суды үнемдеуге шақырады. Күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты қорғауға үлес қосады:
💧 Кранды ашық қалдырмаңыз.
💧 Тіс тазалағанда суды жауып қойыңыз.
💧 Суды қажет мөлшерде ғана пайдаланыңыз.
💧 Су көздерін ластамаңыз.
Әр тамшының қадірін білейік! Суды бүгін үнемдеу – ертеңгі болашағымызды қорғау! 🌍

Дата публикации: 09.11.2026