Еңбек бастауыш мектебінде 14 мамыр күні персонал мен білім алушыларды эвакуациялау бойынша оқу — жаттығу өткізілді
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету тәртібін пысықтау және ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау дағдыларын жетілдіру. Жаттығу барысында хабарлау жүйесінің жұмысы, эвакуациялау тәртібі және жауапты тұлғалардың төтенше жағдай кезіндегі дайындығы тексерілді. Эвакуация белгіленген нормативтік уақыт ішінде ұйымдасқан түрде өткізілді.

Дата публикации: 14.05.2026