Мектебімізде «Құстарға арналған ұяша» акциясы өтті

Табиғатты қорғау және құстарға қамқорлық көрсету мақсатында мектебімізде «Құстарға арналған ұяша» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар ата-аналарымен ұяшықтар жасап, оларды мектеп ауласына орнатты.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Акцияға белсенді қатысқан оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, өз үлестерін қосты.

🌱 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!

 

Дата публикации: 23.04.2026