Жаныңда жүр жақсы адам...

Мектебімізде 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Жаныңда жүр жақсы адам.......»тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс - әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым - қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.: «Жаныңда жүр жақсы адам.......»

Оқушылар ұстаздарға алғысын өлең жолдарымен жеткізді. «Мейірімділік –асыл қасиет» тақырыбында постер жасады.

 

Дата публикации: 01.03.2022