Мектепте тамақтану

Ас мәзірі 2022 жыл

Мектеп асханасындағы ыстық тамақты ұйымдастырудағытексеру комиссиясының актісі

Бракераж комиссиясы отырысы хаттамалары

Перспективное меню на 2021-22 учебный год

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 ж. 5 тамыз

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына мониторинг жургізу жөніндегі комиссияларға арналған жаднама

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар

 

Мектепте тамақтану

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша

2014 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететiн демпингтiк бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тiкелей бақылау мүмкiндiгi болмауынан, мемлекеттiк сатып алулар жүйесiнен алынды.

Бүгiнгi күнi орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдарда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелерi әзiрлендi (БҒМ 31.10.2018ж№598 бұйрығы).

Оқушылардың сапалы және қауiпсiз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде бiлiктi қызметкерлерi бар (жұмыс тәжiрибесi, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық-түлiк өндiрiсi, энергия үнемдегiш құрылғыларының болуы), қызметтi дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлерi қарастырылған.

2018 жылдан бастап азық-түлiктi дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшiн мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк механизмi енгiзiлдi.

Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкiметтiк емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитетi, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкiлдерi кiредi.

Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнiмдердi қолдану үшiн жалға алушылардың азық-түлiк өндiрiсiнiң (шаруа немесе шаруа қожалығы, жылыжайжәне т.б.) болуы және отандық өндiрушiлер тауарларын сатып алуы үшiн қосымша балл алады.

Тағамдардың, азық-түлiктердiң және аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық, органолептикалыққасиеттерi, дайындау және технологиясы мен өндiрiстiк жағдайлары балаларға арналған азық түлiк қауiпсiздiгi тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сай болуы қажет.

Келiсiмшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында, келiсiмшарт сот шешiмi бойынша бұзылып, жалға алушы жосықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.10.2018ж №599 бұйрығы).

2015 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк пен Қазақ тағамтану академиясы бiрiгiп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлген бiр реттiк тамақтандыру нормалары (ҚР Үкiметiнiң 12.03.2012ж. №320 қаулысына өзгерiстер енгiзiлдi) әзiрлендi.

Аталған нормаларда балалар ағзасына қажеттi микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.

2018 жылы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары оқушыларын дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бiрыңғай стандарттарын әзiрледi.

2019 жылдан бастап Министрлiк бiлiм беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, камералық бақылауды енгiздi.

Сонымен қатар, Министрлiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзетiн электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.

Бүгiнгi күнi қызмет көрсетудi мектеп қызметкерлерi, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкiндiгi қарастырылған. Әрбiр мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етедi. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесi, педагогтар, ата-аналар комитетi мүшелерi, қамқоршылық кеңесi кiредi.

Ереже бойынша жалға алушы ай сайын бiлiм беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлiк тiзiмiн тапсыруы тиiс.

Күнделiктi медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргiзiп, тағамдар және аспаздық өнiмдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргiзедi.

Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкiмшiлiгi тарапынан әсер етуге қажеттi мүмкiндiк жасалған. Аталған мәселеде бiлiм беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершiлiгi жоғары.

Сондықтан, Министрлiктiң мектептегi тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негiзгi қызметi — бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметiне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не iстеу керектiгiн түсiндiру.

Мектептегi ыстық тамақты ұйымдастыру.

Мектебiмiзде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Арнайы тамақ әзiрлейтiн және тамақтанатын бөлме бар. Бекiтiлген екi апталық ас мәзiрi, сыныптардың тамақтану кестесi бар. Барлығы мектебiмiзде 6 оқушы, барлығы дерлiк тамақтанады. Аспазшы Кожахметова Н.М. арнайы бiлiмдi маман.

Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киiм үлгiсi, барлық санитарлық талапқа сай.

Ауыз суға арналған арнайы орын бар.

Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайындалуы асхананың режимiне сай, дайындау техникасы бойынша дайындалады.

Тамақ сапасын шағын орталық медбикесi Қожахметова Л.Р. қадағалап отырады. Мектебiмiзде брокераж комиссиясы құрылған. Арнайы журналға астың сапасы тiркеледi.

Мектеп үлескiсiнен алынған көкөнiстер аудандық сараптама орталығында тексерiстен өткен.

Мектепте тамақтану